“Алтын сақа” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті.
6 қазан күні Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында Республикалық 3-4 сыныптарға арналған “Алтын сақа” олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олипиадаға 47 оқушы қатысып, аудандық кезеңге 4 сыныптар бойынша 2 оқушы Аман Ермухаммед пен Медер Елжас, 3 сыныптар бойынша Мәлік Алан мен Орал Бақдәулет, орыс сыныптары бойынша Тлеубай Абдурахим жолдама алды. Жеңіске жеткен оқушыларымызға сәттілік!!!