Материалы за 18.01.2024 » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
10-сынып оқушысы Есеналы Мейірім (химия пәні) марапатталды
18
январь
2024
10-сынып оқушысы Есеналы Мейірім (химия пәні) марапатталды
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломымен Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасында Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Есеналы Мейірім (химия пәні) марапатталды, мұғалімі: Бегешова Айнур Тулевна.
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Туған өлке ақындарының шығармалары” атты әдеби кеш өткізілді.
18
январь
2024
“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Туған өлке ақындарының
Темірбек Қожакеев атындағы  №39 ЖОББМГ кітапханасында “Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Туған өлке ақындарының шығармалары” атты әдеби кеш өткізілді. Мақсаты: білім алушыларды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, және туған өлкеден шыққан ақындармен танысу. Әдеби кеш барысында Меркі ауданынан шыққан ақын - Шырын Мамасерікованың өлеңдері оқылып, шығармашылығы мен өмірі жайлы шолу жасалды. Әдеби кешке 9 “Ә” сынып оқушылары белсене қатысты.
1”Б” сыныбының «Сен және мен - біз доспыз!» тақырыбындағы сынып сағаты өтті.
18
январь
2024
1”Б” сыныбының «Сен және мен - біз доспыз!» тақырыбындағы сынып
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 1”Б” сыныбының «Сен және мен - біз доспыз!» тақырыбындағы сынып сағаты өтті. Мақсаты: оқушылар ұжымында жағымды қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын дамыту. Достық шеңбері биі ұйымдастырылды. Тақырыпқа сай мультфильм көрсетіліп, талқыланды. Оқушыларды топқа бөліп, сыныпта қарым-қатынас ережелерін жазу ұсынылды. “Бірге болғанда - тез” “Жұлдызқұрт” ойындары арқылы буллинг жайлы түсінік берілді. Аяқталмаған ойын