"Оқуға құштар мектеп' жобасы аясында " Сәлемдесу мәдениеті"
Темірбек Қожакеев атындағы № 39 жалпы орта білім беретін мектеп- гимназиясында”Сәлемдесу мәдениеті” тақырыбында 7 сыныптармен дөңгелек үстел өткізілді.Мақсаты: Сәлемдесу рәсімін жан-жақты түсіну халқымыздың тілі мен дінін,жақсы қасиеттерін үйрену.Іс шара барысында оқушыларға сәлемдесу әдептілік белгісі жайлы,әр адам өзін кез келген жағдайда кез келген жерде тәртіпті ұстап , әдепті де әдемі сөйлей білуі керек екенін ұғындырдық.