Жас полиция көмекшілері "Бүркіт " тобының ант қабылдау рәсімі өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында қараша айының 5 күні Жас полиция көмекшілері "Бүркіт " тобының ант қабылдау рәсімі өтті. Аталған іс-шараға мектеп директоры Г.Тлеубердиева, аудандық білім бөлімінің әдіскері Д.Көшербаев, аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПБ КТІЖ полиция тобының аға инспекторы Д.Омарова, мектеп инспекторы Г.Килебаева қатысып жылы лебіздерін білдірді. Ұлықтау рәсімі барысында топ басшысы, топ мүшелері сайланып , куәліктері таратылды.