«Үздік қолөнер бұйымы» номинациясын иеленді.
Ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ОҒМ «Балаларды ерте дамыту институты» республикалық мемлекеттік мекемесінің жылдық жоспарына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар арасында ата-аналардың қатысуымен «Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала» атты байқауының республикалық кезеңі өтті. Республикалық байқауының нәтижесі бойынша Меркі ауданы Т.Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мектепалды сыныбы «Үздік қолөнер бұйымы» номинациясын иеленді. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!