«Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір»
Ағымдағы жылдың 15-25 қараша аралығындағы «Дүниежүзілік балаларды қорғау күні: балаларға арналған өмір» атты Республикалық онкүндік аясында Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері 6,7-сынып оқушылары арасында”Тегін білген текті елдің ұрпағымыз!” атты этно-ұлттық сайысын ұйымдастырып өткізді. Мақсаты: балаларға қазақ халқының ұлттық ойындарын, ұлттық құндылықтарын дәріптей отырып, бойына сіңіру, өзара келісімдікке