30
ноябрь
2023
9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті.
30.11.2023 оқу жылында мектебімізде Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою халықаралық күрес күніне орай 25 қараша - 10 желтоқсан аралығында “Зорлық-зомбылықсыз 16 күн” науқаны іс-шара жоспарына сай тарих пәні мұғалімі Нарикбаева Ниетбала “Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы өзекті мәселелер” тақырыбында 9-сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өтті. Науқанның мақсаты: әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың түрлері туралы кеңінен ақпарат беру, оның отбасында болмауын қадағалау және жолын кесу бағытындағы профилактикалық жұмыстарды жүзеге асыру.