«Жас жолаушы және жолда жүру ережесі» тақырыбында пікір-сайыс
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 15 сәуір күні 8 «Ә, В, Е» сыныптар арасында «Жас жолаушы және жолда жүру ережесі» тақырыбында пікір-сайыс өткізілді. Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету. Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.