17
ноябрь
2023
«Салауатты тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-ның 7-ші сынып жетекшілері оқушылар арасында «Салауатты тамақтану» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Өткізілген іс-шараға 7- сынып оқушылары, мектеп медбикесі А.Бабаева, әлеуметтік педагог А.Талпакова және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Талгат қатысты. Мақсаты: Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру,салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарды кеңейту. Дені сау болып өсуі үшін дұрыс қоректену керектігін түсіндіру. Дөңгелек үстел барысында «Деніміз сау болу үшін неге мән беруіміз керек?» деген сұрақтар төңірегінде оқушылар өз пікірлерімен бөлісті. Қазіргі таңда денсаулықтың физикалық, соматикалық, психикалық және рухани түрлерінің бар екендігі және адам ағзасына пайдалы тағамдар туралы айтылды. Оқушыларға адам өмірінің кейбір сәттерінен үзінді ретінде жағдаяттық сұрақтар қойылды. Берілген жағдаяттық сұрақтарға оқушылар зиянды, өміріне қауіп төндіретін келеңсіз оқиғаларда өзін қалай ұстау керек екендігі, шешім қабылдау кезінде қателіктерге бой алдырмауға, әрдайым зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын дұрыс ұстану керектігі туралы өз ойларымен бөлісті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонағымыз мектебіміздің медбикесі А.Бабаеваға оқушылар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, жауап ала алды.