«Өмірімді еліме арнадым» тақырыбында ақын Шырын Мамасеріковамен
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 20 ақпан күні «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес «Өмірімді еліме арнадым» тақырыбында жергілікті ақын Шырын Мамасеріковамен кездесу өтті. Бұл кездесудің мақсаты – оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және ұлттық құндылықтарды насихаттау. Кездесуге мектептің ұстаздары мен жоғары сынып оқушылары қатысып, ақын шығармашылығы,