03
февраль
2023
1сынып оқушыларының қатысуымен "Қош бол ,Әліппе! "
Темірбек Қожакеев атындағы #39 ЖОББМГ 1сынып оқушыларының қатысуымен "Қош бол ,Әліппе! " ертеңгілігі өтті. Осыдан 4 ай бұрын ата-аналары жетектеп 1-сынып табалдырығын аттатқан бүлдіршіндер сауат ашып, білім алып, мектеп сатысының бір кезеңін артта қалдырды. Бұл кезең Әліппе кезеңі. Ертеңгілікті салтанатты түрде ашып беру құттықтау сөзі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Абилдаева Гүлжан Жақсылықовнаға берілді. Жүргізушілер 1 сынып оқушылары концерттік бағдарламаны жалғастырып отырды. Ертеңгілікте "Әліппе " оқулығынан жаттаған өлең тақпақтарын жатқа айтты. "Әліппе " оқулығымен қоштасып, "Ана тілі " оқулығымен танысты. Бағдарлама барысында 1 сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
https://www.instagram.com/reel/CoU_KNuJO2K/?igshid=YmMyMTA2M2Y=
https://www.instagram.com/reel/CoU_KNuJO2K/?igshid=YmMyMTA2M2Y=