02
октябрь
2025
"Ұстаз-ұлт шамшырағы" тақырыбында салтанатты жиын өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында ұстаздар күніне орай 11 сынып түлектері "Ұстаз-ұлт шамшырағы" тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демейді ме қазақ, демек ұстаз оқушыға тек білім бермейді, сонымен қатар өмір сүруді үйретеді, әлемді танытады, өнерге баулиды. Ұстаз есімін ұлы деп білеміз.Ендеше, қиындығы мен қызығы қатар жүретін, өзгелердің бақытын бағатын мамандық иесі, — ұстаздар, мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Шәкірттеріңіз шыңға шықсын! Білім жолында алар асуларыңыз, бағындырар биіктеріңіз көп болғай.








