19
август
2024
«Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының иегері
Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Білім берудегі цифрлық инновациялар» тақырыбында өткен облыстық тамыз кеңесі аясында облыс әкімі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін мектеп қызметкерлері мен «Білім беру ұйымдары қызметтерінің тиімділігін бағалау» рейтингісінің нәтижесінде ең жоғары көрсеткішке ие болған білім беру ұйымдары және «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының иегерін марапаттады.
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен «Орта білім беретін үздік ұйым» байқауының иегері атанған Меркі ауданы білім бөлімінің Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы 68 000 000 (алпыс сегіз миллион) теңге грантының сертификатымен марапатталды. Құрметті әріптестер, жетістіктеріңіз құтты болсын!