29
октябрь
2024
«Мұғалімдердің сенімді серігі: жасанды интеллект қосылған үздік жобалар» тақырыбында воркшоп өткізілді.
Бүгін Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясының педагогикалық ұжымымен «Мұғалімдердің сенімді серігі: жасанды интеллект қосылған үздік жобалар» тақырыбында ДОТІЖО Байболатов Алибек Бекниязович воркшоп форматында коучинг өткізді.
Қазіргі заманда жасанды интеллект технологиялары білім беру саласында кеңінен қолданылып, әдістемелік жұмыстың сапасы мен тиімділігін арттыруға зор мүмкіндіктер береді. ЖИ-дің негізгі артықшылықтары – әкімшілік және жоспарлау жұмыстарын автоматтандыру, деректерді жылдам талдау, сондай-ақ мұғалімдер мен оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып жекелендірілген оқыту бағдарламаларын жасау.
Тәжірбиелік воркшоп барысында тарих пәнінің мұғалімі Д.Исакулова және информатика пәнінің мұғалімі Ә.Алтынбеков қатысушыларды нақты тапсырмаларды орындауға ынталандыратын, тәжірибелік жұмысқа негізделген жобаларымен таныстырды.