Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі
28
апрель
2018

Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі

Педагог мамандардың кәсіби деңгейін ұдайы көтеріп отыру, олардың теориялық білімі мен әдістемелік білігін үздіксіз жетілдіру, оқытудың озық әдіс –тәсілдерімен қаруландыра отырып, шығармашылық жұмыстарына жол көрсету, яғни мұғалім мамандығын жетілдіру –нәтижеге бағытталған әдістемелік жұмысының негізгі міндеті болып табылады.
Әдістемелік жұмыс –мектептегі оқу –тәрбие жұмысын басқарудың негізгі саласы. Оған жоспарлау, ұйымдастыру, әдістемелік көмек көрсету, басшылық және бақылау жатады. Әдістемелік жұмысқа қойылатын негізгі талаптар –әдістемелік жұмысты үнемі жетілдіру, оның ғылыми негізі оқудың сапасын, оқушылар білімінің деңгейін көтеру мақсатында оқудың барысына дәл бағытталады.
Мектептегі әдістемелік жұмыс –өзінің ғылыми –теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс –әрекеттері.
Тақырыбы: «Оқытудың жаңа инновациялық технологияларын пайдалана отырып, бәсекеге қабілетті құзыретті жеке тұлғаны қалыптастыру»
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің кәсіби бағдарланған жүйесіне негізделген білім беру
Міндеттері:

 «E-learning» электронды оқыту жүйесін меңгеру. Гимназия оқу үрдісін ақпараттандыруды жетілдіру. Ақпараттық технология мүмкіндігін барынша сапалы қолдану.
 Әр оқушының өз қажеттілігі мен мүмкіндігніе сай білім алу құқығын қамтамасыз ету.
 Мұғалімдердің іс-тәжірибесіне инновациялық технологияларды енгізе отырып, кәсіби өсуіне мүмкіндік туғызу;
 Әр оқушының оқу үрдісінде белсенді және ұйымдастырушы- бастамашылдық қабілетін ояту
 Жас мамандар мен тәлімгерлік мектебін құру;
 Білім сапасын арттыруда оқушының оқу жетістіктерін бағалаудың диагностикасын жүргізу;
 Инновациялық технологияларды қолдана отырып, интерактивті сабақтары өткізу және меңгерудегі мұғалімдердің әдістемелік біліктілігін арттыру;
 Озық педагогикалық тәжірибені зерттеумен жинақтауды алмасуды ұйымдастыру;
 Оқу және өздігінен білім алу мотивациясын дамыту
 Ғылым негіздерін жан- жақты және терең меңгеруі негізінде білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.
 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қамтамасыз ететін әдістемелік қызмет моделін жетілдіру.
 Педагогтар мен оқушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру.
 Педагогтардың тәжірибесін жалпылауды әдістемелік материалдар шығару арқылы белсендіру, интернет желісіне орналастыру. Мұғалімдердің желілік байланысын орнату.
 Дарынды балалардың белгілі бір ғылым,өнер, спорт саласы бойынша дүниетанымының дамуына,шығармашылық бейімділіктерінің жетілуіне көмек көрсету
Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі

Мектептегі әдістемелік жұмысының жүйесі

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ СТАНДАРТЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ:


• ҚР –ң Тіл туралы заңнамаларының орындалуын бақылау;
• Оқыту процесін бақылау мақсатымен сабаққа қатысу;
• Пәндік оқыту сапасын бақылау, талдау;
• ҰБТ –ға сапалы дайындықты тиімді ұйымдастыру;
• ОЖСБ –ға сапалы дайындықты тиімді ұйымдастыру;
• Тоқсандық бақылаулар бойынша білім сапасының мониторингісі.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив