«Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылғы 5 қазан – Дүниежүзілік мұғалімдер күніне орай «Ұстаз – ұлағатты есім» тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді. Мақсаты – ұстаздық мамандықтың қоғамдағы мәртебесін арттыру, ұстаздарға деген құрмет пен алғысты қалыптастыру, оқушылардың бойында ұстаз еңбегіне деген сүйіспеншілік пен қадірлеу сезімін ояту.