27
январь
2026
«Заң және тәртіп» айлығы негізінде «Лудоманияның алдын алу: «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді.
2026 жылдың 27 қаңтарда Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп–гимназиясында жылдық жоспар аясында «Заң және тәртіп» айлығы негізінде «Лудоманияның алдын алу: «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында лудомания (ойынға тәуелділік) мәселесінің алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау, ақпараттық сауаттылық пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыру болды. Шеберлік сабақ барысында қатысушыларға лудоманияның белгілері, себептері мен салдары туралы түсіндіріліп, ойынның психологиялық әсері мен әлеуметтік зардаптары талқыланды. Сонымен қатар, оқушылармен интерактивті жаттығулар, пікір алмасу, бейнематериалдар көрсету сынды әдістер қолданылды.
https://www.instagram.com/reel/DUDWZ34DE5_/?utm_source=ig_web_copy_link
https://www.instagram.com/reel/DUDWZ34DE5_/?utm_source=ig_web_copy_link