БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ. » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.
26
январь
2026

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.

БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙМЫЗ.


«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Темірбек Қожакеев атындағы №39  жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары(1 жүктеме ) лауазымына 
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ:

1. Лауазымдық жалақысы:     130000-150000 тг бастап (еңбек сіңірген жылдарына байланысты)
2. Конкурсты өткізу мерзімі:  26.01.2026 жылы дейін
3. Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Темірбек Қожакеев атындағы №39  жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ
4. Мекеменің мекен-жайы: Жамбыл облысы Меркі ауданы  Меркі ауылы  Т.Бокин бұрылысы 20А мекен жайында «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Темірбек Қожакеев атындағы №39  жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ орналасқан, телефон нөмірі: 87263245513, электрондық пошта: zmbmerkeg39@yandex.kz 
Лауазымдық міндеттері:
      тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
      тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
      аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
      тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
      тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
      педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
      тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
      білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
      мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
      білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
      тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
      киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
      білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
      кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
      есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
      ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
      мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
      "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
      адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
      педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
      білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
      туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
      білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
      Ескерту. 58-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Оқу-ағарту министрінің 14.04.2023 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      59. Білуге тиіс:
      Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология негіздері;
      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
      60. Біліктілікке қойылатын талаптар:
      тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
      және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер хабарландыруда көрсетілген мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) Жеке басын куәландыратын құжат;
3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог- сарапшы, зерттеуші, шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);
10) Тұрақты лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.01.2026-4.02.2026 жж аралығы.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив