“Бастауыш - болашақтың тұғыры” атты тақырыбындағы жабылу салтанаты
Қараша айының 28-жұлдызында Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-нде бастауыш сынып айлағының “Бастауыш - болашақтың тұғыры” атты тақырыбындағы жабылу салтанаты өтті. Бастауыш сынып түлектерінің шығармашылығынан ән- би тамашаланды. Жабылу салтанаты соңында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Гүлжан Жақсылыққызы осы айлық көлемінде өткізілген “ Абай оқулары”, “Жас зерттеуші” , “ Жас математик” жобалары мен “ Пәндік олимпиада” жүлдегерлерін марапаттады.