"Қауіпсіз мектеп ортасы" атты тақырыпта жоспар құрылып жұмыс жүргізілуде.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында
«Қауіпсіз мектеп ортасы» атты тақырыбында өткізілген
іс – шаралар туралы хабарлама
ҚР Білім және ғылым министірлігімен 2021 жылғы 10 тамыздан 20 қыркүйекке дейін "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты республикалық акция өткізілуде. Осыған орай Т.Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да "Қауіпсіз мектеп ортасы" атты тақырыпта жоспар құрылып жұмыс жүргізілуде."Бақытты балалық қауіпсіз ортадан басталады" атты тақырыпта барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты: балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.Акцияның міндеттері: халықты құқықтық сауаттандыру , ата-аналардың міндеттері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Балалардың құқықтарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Карантин ережелері ескертілді, балаларға қатыгездікпен қарау заң аясында қудаланатыны туралы ескертілді. Ата-аналарға жаднамалар таратылды. Сенім телефондары туралы ақпарат берілді.