1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Ата-аналар назарына!
1 СЫНЫПҚА ҚАБЫЛДАУ EGOV.KZ ПОРТАЛЫ АРҚЫЛЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүзеге асырылады.
Бастауыш білімінің жалпы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын дайындық деңгейіне қарамастан, білім беру ұйымы қызмет көрсететін аумақта тұратын барлық балалардың қолжетімділігін қамтамасыз ете отырып 6 жастағы және күнтізбелік жылда 6 жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
Бірінші сыныпқа өтініштер ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 1 тамызға дейін емтихан және тест тапсырмай қабылданады (гимназия сыныптарынан басқа)
Балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар:
1) Ата-аналарының өтініші (заңды тұлғалардың);
2) Баланың туу туралы куәлігі;
3) Оқушының 2 суреті (3*4см)
4) Баланың денсаулығы туралы құжаттары (026/у-3);
5) «Баланың денсаулығы туралы паспорт» және 063/у.
Құжаттарды қабылдау екі тәсілде жүзеге асырылады
1) "электрондық үкімет" веб-порталы egov.kz, 2)қағаз түрінде
Еgov.kz электронды порталын мектепте жүзеге асыруға болады.