28
апрель
2022
«Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 27 сәуір күні 5-7 сыныптар арасында 1- мамыр «Қазақстан Халықтарының Бірлігі» күніне орай, «Ынтымақ-достық кепілі» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру. Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.