04
ноябрь
2022
Оқушыларға арналған тренинг-сабақ
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 2022 жылдың 31 қазан мен 6 қараша аралығында «Әрбір бала-дана бала!» атты күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын тиімді пайдалану іс-шара жоспары аясында 3 қараша күні тәлімгер А.К. Толепбаева, «Өзін-өзі басқару» ұйымы мен «Жас Ұлан» ұйымымен бірлесе «Мен үшін мектеп парламенті-ол...» оқушыларға арналған тренинг-сабақ өткізілді. Екі ұйым екі топқа бөлініп, «Өзін-өзі» басқару ұйымы, «Жас Ұлан» ұйымының тұжырымдамалары түсіндіріліп өткізілді. «Мектеп парламенті-ол...» тақырыбында сұрақтар қойылып, пікірлері тыңдалды.
Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.