25
ноябрь
2022
«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
«САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» ОБЛЫСТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ
2022 жылдың 25 қарашасы күні Тараз қаласындағы ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасында «САБАҚТЫ ЗЕРТТЕУ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МЕКТЕПТЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕСІ» облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Конференция Қазақстандағы Сабақты зерттеуді енгізу жобасы аясында жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдерінің зерттеу нәтижелерін көрсету және тарату, өңірдегі сабақты зерттеу тәсілінің тұрақтылығын қалыптастыру және сабақты зерттеу тәсілін жүзеге асыру нәтижелері бойынша тәжірибе алмасуды мақсат етті.
Конференция жұмысына облыстық білім ұйымдарының жетекші және педагог кадрлары, облыстық және аудандық (қалалық) әдістемелік қызмет өкілдері, мектептегі зерттеу тренерлері, педагогикалық жоғарғы (арнаулы) оқу орнының ғылыми қызметкерлері, педагогикалық колледж оқытушылары және студенттері, жалпы сабақты зерттеумен айналысатын 300-ге жуық педагог кадрлар қатысты. Оның ішінде 160-қа жуық мұғалім жеке, бірлескен зерттеу нәтижесін ұсынды. Іс-шара аралас (офлайн/онлайн) форматта өткізілді.
Конференция қатысушылары сабақты зерттеуді оқыту үдерісіне енгізу бойынша қазақстандық мектептер тәжірибесіне арналған бейнефильмді тамашалап, «Сабақты зерттеу: мектеп пен мұғалім тәжірибесі және даму» тақырыбында өз іс-тәжірибесін постер түрінде ұсынған мұғалімдердің зерттеу нәтижесінің онлайн көрмесіне қатысып, үздік жұмыстарды анықтады.
Облыстық ғылыми-практикалық конференциясының пленарлық бөлігі ПШО Тараз қаласындағы филиалының директоры Тортаева Гульмира Балтабайқызының алғысөзімен ашылды.
Конференция жұмысы секция залдарында жалғасты. «Пән мұғалімдерінің бірлескен зерттеуі», «Сабақты зерттеу және мұғалім рефлексиясы» және «Сабақты зерттеу - оқыту тәжірибесін жақсарту құралы» тақырыбындағы секция залдарында 16 жеке және бірлескен зерттеу нәтижелері ортаға салынды.
Конференция жұмысын қорытындылауда бетпе-бет және онлайн қатысып отырған тыңдаушылардың ой-пікірі мен ұсынысын айтуына мүмкіндік берген «Еркін микрофон» әдісі қолданылды. Сонымен қатар қатысушылар өз пікірлерін алдын ала ұсынылған кері байланыс сілтемесі арқылы жеткізуге мүмкіндік алды. Іс-шара соңында іс-тәжірибесін ортаға салып, зерттеу нәтижесімен бөліскен қатысушылар марапатталды.