20
ноябрь
2025
«Буллинг және оның алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өткізілді.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы білім беретін мектеп – гимназиясында 2025 жылдың қараша айы «Әділет пен жауапкершілік» құндылық негізінде «Буллингтен қорған!» жобасы аясында 5 сыныптарда «Буллинг және оның алдын алу» тақырыбында қауіпсіздік сағаттары өткізілді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға буллингтің түрлері мен белгілерін таныстыру, оның адамның психологиялық және әлеуметтік дамуына тигізетін жағымсыз әсерін түсіндіру, сондай-ақ өзіне және өзгеге құрметпен қарау, мейірімділік пен қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыру.





