02
декабрь
2022
"Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ-да 30 қараша күні "Сабақ үдерісіндегі қысқа мерзімді сабақтың тиімді жоспарлауы" тақырыбында мектепішілік семинар өтті. Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Байболатов Әлібек Бекниязұлы №382 бұйрықты басшылыққа ала отырып, бұйрықтың орындалуын тілге тиек етті. Оқу бағдарламасындағы өзгерістерді енгізуін, бұйрықтағы қысқа мерзімді жоспардың жүзеге асырылуын бүгінгі таңдағы кезектен түспейтін мәселе болып тұрғанын айтып өтті. Тарих пәнінің мұғалімі Айман Султанова Зияшовна мен биология пәні мұғалімі Қойшыманова Назира Сейсембайқызы сынды әріптестеріміз өз іс- тәжірибелерін ортаға салып, 382 бұйрық бойынша қысқа мерзімді жоспарды құрастыру жолдарын көрсетті. Семинарға мектептегі әдістемелік бірлестік түгел қамтылды. Әр бірлестікке сабақ жоспарын құрып, бірлестіктегі жас мамандары сабақты қорғауды ұсынды. Сабақ жоспарын құрудағы мақсаты жас мамандардың қысқа мерзімді жоспар құру және қысқа мерзімдегі талаптардың орындалуын практикасында қолдануға ықпал етті.Мектеп директоры Тлеубердиева Гулжан Ержанқызы жас мамандардың құрған сабақ жоспарын ұстаздармен талқылап, ерекше білімді қажет ететін оқушыға тапсырма, саралау тапсырма, дарынды, үлгерімі төмен оқушымен жұмыстар қалай жүргізілу туралы өз іс- тәжірибесін ортаға салып, әріптестерімен ой бөлісті.