02
декабрь
2022
Аудандық «Ізденіс, жаңалық, нәтиже» атты дөңгелек үстелі өтті.
Жамбыл облысы Меркі ауданы №39 Темірбек Қожакеев атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен мұғалім мен шәкірт интеллектісін көтеру, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, атқарылып жатқан озық іс- тәжірибелерімен бөлісу мақсатында аудандық «Ізденіс,жаңалық,нәтиже» атты дөңгелек үстелі өтті. Мұнда бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің жай-күйі, педагогикалық қызметінің үздік үлгілері —авторлық бағдарламалар, сабақты зерттеу LS, мектеп тренерінің жұмысы, тәжірибедегі рефлексия, 3 жоба және бастауыш сынып жетістіктері жайлы баяндалды.
Аудан мектептерінен 50-ге жуық директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасарлары мен әдістемелік бірлестік жетекшілері қатысты.
Дөңгелек үстел мұғалімдерді сергітіп алудан басталып, бастауыш сынып әдістемелік бірлестігінің құрамы, жұмыс жоспарымен әдістемелік бірлестік жетекшісі А.Қ Ноғайбекова таныстырды. LS сабақты зерттеу тәжірибесімен Ф.Ж. Үрпекбаева, «Тәжірибедегі рефлексия» жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша бастауыш сынып мұғалімі және мектеп тренері Ф.Р. Ниетбаева өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау қабілетін дамыту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдерін қатысушыларға да қолданып, нәтижесінің пайдалылығын дәлелдеді.
Өзінің жазған авторлық бағдарламасы жайлы Л.Р.Садирмекова таныстырды.
Мектепте жүргізіліп отырған В.С.Азизова «Мен зерттеушімін», Л.П.Кучер, А.С.Кучер «Оқуға құштар мектеп», Г.Т.Бөртебаева «Жас математик» - жобаларымен таныстырды. Гүлнұр Бөртебаева «Бастау» және «Шексіз математика» олимпиадаларында кездесетін логикалық есептерден келген қонақтарға да шығарып көруге ұсыныс білдірді. Жауаптарын тексеріп, шешілу жолын түсіндірді.
Бастауыш сынып жетістіктері жайлы А.У.Уристамова таныстырды. Оқушылары жеткен жетістіктерін – диплом, медальдарын алып қонақтар алдында сап түзеді. Дөңгелек үстел «Самға Қазақстан» байқауында бас жүлде алған Айтбек Нұрқанаттың орындауындағы «Туған жер» әнін орындаумен аяқталды. Соңында кері байланыс алынды.



