01 март 2023 0 1 2 3 4 5 6 "Г" сыныбында "1-Наурыз Алғыс айту күні" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Елімізде 1 наурыз - «Алғыс айту күні» болып 2016 жылдан бастап атап өтілуде. Осы мерекеге орай #39 ЖОББМГ 6 "Г" сыныбында "1-Наурыз Алғыс айту күні" тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Оқушыларға Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні екені айтылды. Сабақ барысында әр түрлі әдістер мен тренингтер арқылы оқушылар ата аналарына, ұстаздарға, достарына алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.