23
декабрь
2022
«Мемлекеттік рәміздер –ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2023 жылдың 23-ші желтоқсан күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Өзін-өзі басқару» ұйымы, «Жас Ұлан» ұйымымен бірлескен «Мемлекеттік рәміздер –ел мақтанышы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Отанымыздың ұлттық мақтанышы – мемлекеттік рәміздерге арналады. Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерімізді толықтырып, құрметтеуге үйретілді. Кез келген мемлекеттің айшығы – мемлекеттік рәміздері екені белгілі. Бізде бүгінгі дөңгелек үстеліміз еліміздің Гимнімен басталды. Оқушыларға әр-бір азамат Мемлекетіміздің Туын, Елтаңбасын, Гимнін тұмардай қасиет тұтуға міндетті екендігін. «Отан үшін курес-ерге тиген үлес»- деген қанатты сөздерді есте сақтауымыз керектігі түсіндіріліп өтті. Елдігімнің белгісі,ел мақтанышы рәміздерінің мәртебесі биік, беделі асқақ, ғұмыры ұзақ болсын деген ізгі тілекпен қорытындыланды.