17
март
2023
«Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
17 наурыз күні 7 «Г» сыныбымен «Қош келдің Әз-Наурыз» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт- дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту. Бата беру дәстүрін қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі ретінде кейінгі ұрпаққа үлгі ету, әдет - ғұрпымызды дәріптеу. Батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу.
Тәрбие сағатында оқушылар наурыз мерекесіне арналған өлең шумақтарын оқып, әннен шашу шашты. Ұлдар арасында бата беруден сайыс өтті. Сайысқа сыныптан 13 оқушы қатысып, Амангелді Димаш жүлделі 1-орынды иеленді. Алимбеков Нұрислам 2-орын иеленсе, Оңғар Бекзат 3-орынды қанағат тұтты. Орын алған оқушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сабақ соңында мерекелік дастархан жайылып, көңілді отырыспен жалғасын тапты.