03
апрель
2023
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» акциясы өткізілді.
2023 жылдың 27 наурызы мен 10 сәуір аралығындағы облыс аумағында «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» акциясы өтуде. Акция шеңберінде балаларға жолда жүру ережелерін үйретуден практикалық сабақ өткізілді. Мақсаты: жолда жүру ережелерін есте сақтау, жол белгілерінің неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, жол белгілерінің атқаратын қызметі туралы білімдерін жетілдіру.
«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі!» акциясы шеңберінде балаларға жолда жүру ережелерін түсіндірген Меркі АПБ ЖПҚБ ЮПТ иснпекторы полиция лейтенанты Исабеков Бектас Қуатұлы. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі жол белгілері, бағдаршам қызметі, жаяу жол жүргіншілері туралы ережелер айтылды. Арнайы жол белгілерін көрсету арқылы түсіндірме жұмысы жүргізілді.