11
апрель
2023
"Жас маман" апталығында тарих пәні мұғалімі Б.Самбетовтың өткізген ашық сабағы туралы анықтама
Темірбек Қожакеев атындағы 39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында"Жас маман" апталығында тарих пәні мұғалімі Б.Самбетовтың өткізген ашық сабағы туралы анықтама
2023 жылдың сәуір айының 11-і күні 5"Б" сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен "Ғұндардың көрші елдермен қарым-қатынасы" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында интербелсенді тақта, "Bilim Land" платформасы, Қазақстан Республикасының саяси картасы, электронды оқулық, үлестірмелі карточкалар, т.б ресурстар қолданылды. Сабақтың ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеді. Әр топбасшысына бағалау парағын үлестіріп, бағалау ережесімен таныстырды. Үй тапсырмасын тексеру барысында "Миға шабуыл" тәсілімен "Wordwoll" технологиясын қолдану арқылы оқушыларға сұрақтар қоя отырып, білімдерін шыңдады. Жаңа сабақ кезеңінде мұғалім тақырыпты, оқу мақсатын таныстырып, "Bilim Land" платформасын пайдалана отырып, тақырыптық бейнесабақ көрсетілді. Сабақты түсіну барысында оқушыларға топтық, жұптық тапсырмалар берілді.Оқушылар постер қорғап, сәйкестендіру кестелері арқылы тапсырманы орындауда оқушылар өте белсенді, білімді игеру деңгейлері жоғары болды. Сабақты бекіту кезеңінде мұғалім интербелсенді тақта арқылы Ғұндар атты тақырыпқа өткен білімдерін пысықтау тапсырмасын берді. Нәтижесінде оқушылар өткен тақырыптағы білімдерімен толықтырды.Үйге тапсырма беру кезеңінде оқушыларға тақырыптық презентация қорғау тапсырмасы берілді. Кері байланыс орнатуда "SMS" әдісімен оқушылар ұялы телефонмен сабақты меңгеру деңгейлерін көрсетті. Сабақтың соңында мұғалім бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалады. Сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушыларға терең білім беріліп, өз мақсатына жетті.