02
май
2023
«7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесі аясында өткізілген «Ел қауіпсізідігі сенімді қорғалуда»

«7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесі аясында өткізілген «Ел қауіпсізідігі сенімді қорғалуда» тақырыбында өткізілген іс-шараның анықтамасы
2023 жылдың сәуір айының 28 күні 6 «Д» сыныбымен тарих пәнінің мұғалімі
Сәмбетов Бахтияр «7 мамыр - Отан қорғаушылар күні» мерекесі аясында «Ел қауіпсіздігі сенімді қорғалуда» тақырыбында тәрбие сағатын өткізіп, тақырыпқа байланысты бейнеролик көрсетті.
Мақсаты - Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Білім алушылар елдің қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғап жүрген қазіргі заманның батырлары туралы айтты. Cынып жетекші тақырыпқа байланысты презентацияны көрсетіп, таныстырды. Елдің қауіпсіздігіне қатер төндіретін қандай да бір жағдайға бірінші кезекте тойтарыс беруі керек екендігі және сырттан келеді ме, әлде іштен шығады ма – бар жағдай бақылауда болуы тиіс екендігі туралы айтты. Оқушыларға Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін бойларына сіңіріп, Отанын, елін қорғау керектігі туралы айтып өтті.