04
май
2023
«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды.


2023 жылдың 4-мамыр күні сағат 11:00-де Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен 8-11 сынып оқушылары«Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазды. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұйымдастырылған бұл шара - Мамыр мерекелері мен Жеңіс күніне арналған. Мақсаты - Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу.