15
май
2023
"Менің отбасым"
15 мамыр Халықаралық Отбасы күніне орай 4 "Г" сыныбында "Менің отбасым" тақырыбында тәрбие сағатын Абдихаймова Ж.өткізді. Оқушыларға Отбасы құндылығы, жанұя жылулығы туралы айтылып, мәдениеттілік, адамгершілік қасиеттерді құрметтеу, ата-ананы ардақтау, білімді, білікті азамат болып қалыптасу үшін қажет дағдылар туралы айтылды. Отбасы күні құтты болсын! Әр бір отбасы аман, балалар бақытты болсын!