28
март
2024
«Ақпараттық коммуникациялық технологиялар шебері» номинациясымен марапатталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының ұйымдастыруымен
«Білім беру саласының әлеуетті көшбасшысы» атты педагогтер арасында өткен облыстық конкурсы төмендегідей кезеңдерден өткізілді:
І кезең: «Не? Қайда? Қашан?» блиц-сауалнамасы.
ІІ кезең - «Кәсіби жетістік баспалдағы» (сұхбаттасу айдары).
ІІІ кезең - Форсайт сессия.
ІҮ кезең: «Әлеуетті көшбасшының табыс формуласы»
Осы кезеңдердің нәтижесі бойынша Меркі ауданы Темірбек Қожакеев атындағы №39 ЖОББМГ директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Байболатов Алибек Бекниязұлы ең жоғарғы 39 балл жинап, «Ақпараттық коммуникациялық технологиялар шебері» номинациясымен және 200 мың теңге сертификатымен Жамбыл облысының әкімі Е.Ш.Қарашөкеевтің қолынан марапатталды.Алибек Бекниязұлы әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беруіңізге тілектеспіз!