30
апрель
2024
«Мен мамандықтар әлемінде» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
2024 жылдың 30 сәуір күні 1-4 сынып білім алушыларымен «Мен мамандықтар әлемінде» тақырыбында экскурсия ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Оқушылардың мамандық таңдауы туралы ойларын кеңейту;
Мамандық бойынша түсініктерін нығайту;
Мамандықты дұрыс таңдауына ықпал ететіндей, мамандықтар түрлеріне мүдделерін арттыру;
Оқушыны өз ойын айта алуға, эстетикалық талғамға, бүгінгі өмір талабына сай рухта тәрбиелеу;
Оқушының жүйелі ойлау қабілетін арттыру. Өз ойын айта алуын, өз пікірін қорғай алуын дамыту.
Бүгінгі экскурсия кітапханашы мамандығының жұмысымен таныстыру болды. Білім алушылар мектептегі балалар кітапханасына барып, кітапханашылардың бір күндік жұмыс күнімен танысты. Оқушылар әрбір мамандықтың қызығы мен қиыншылығы болатынын білді. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көріп, атақ-абыройға кенеледі. Сан түрлі мамандық бар, бірақ кітапханашы мамандығы өзінің қызықты да тартымдылығымен ерекшеленеді. Себебі күн сайын жаңалыққа толы сәттер, кездесулер, басқосулар, жаңа келген газет-журналдар, жаңа кітаптар және күн сайын келіп кітап алып жатқан оқырмандар толастамайды. Кітапханашылар қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген ең қажет, абыройлы мамандық иелері.