18
апрель
2024
«Ұлы Дала мұрагерлері» («Тарихқа құрмет» жобасы) тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
2024 жылдың сәуір айының 18 күні 5-6 сыныптар арасында тарих пәнінің мұғалімі Сәмбетов Бахтияр «Ұлы Дала мұрагерлері» («Тарихқа құрмет» жобасы) тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Мақсаты – жас ұрпақты тарихи құндылықтарымызбен таныстыру, тарихи ескерткіштеріміз – мәдени мұраларымызды қастерлеп сақтауға, құрметтеуге шақыру. Ескерткіштер туралы оқушыларға мағлұмат беру, түрімен таныстыру, көненің көзі, болашаққа аманат екенін түсіндіру. Ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар елеулі мәдени-тарихи және сәулет ескерткіштері арқылы оқушыны ұлтжандыққа тәрбиелеу.