22
ноябрь
2024
Психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық аясында ұстаздармен коучинг өткізілді
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы мектеп психологтары 22-ші қараша күні оқушылардың психологиялық денсаулығын нығайтуға бағытталған айлық аясында "Педагогтер арасындағы эмоционалдық қажуды жеңу жолдары" және "Бірге болсақ, алынбайтын қамал жоқ" тақырыбында ұстаздармен коучинг өткізілді.
Коучингтің мақсаты:
Коучингтің мақсаты:
- Педагогтердің эмоционалдық қажу мәселесін түсіндіру және оның алдын алу жолдарын үйрету.
- Ұжым арасында қолдау көрсету мәдениетін нығайту.
- Стресс деңгейін төмендетуге бағытталған тәжірибелік дағдыларды меңгерту.
- Позитивті және ынтымақтастыққа негізделген жұмыс атмосферасын қалыптастыру.
Іс-шараның нәтижелері мен маңыздылығы:
- Ұстаздар эмоционалдық қажудың себептерін түсініп, оны жеңу әдістерін меңгерді.
- Ұжым арасында қолдау көрсету және ынтымақтастық мәдениеті нығайды.
- Ұстаздардың кәсіби мотивациясы артып, психологиялық тұрақтылығы жақсарды.