27
ноябрь
2024
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқанын өткізілуде
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп гимназиясында 2024 жылы 27 қараша күні «Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» ақпараттық науқаны күніне орай 25 қараша-10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанының іс-шаралар жоспары бекітіліп, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқанның ашылуы мектепшілік "Өзін-өзі басқару" ұйымы және «Жас сақшы» тобының мүшелерінің қатысуымен өткізілді. Науқанның мақсаты: Балаларды қатыгездікпен және немқұрайдылықпен қарау проблемасына қоғамның назарын аудару және қоғамда балаға зорлық-зомбылық қолайсыз болып, жасына, даму деңгейіне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр адамның өмірі мен әл-ауқаты жоғары болатын сенімдерді қалыптастыру.
