«Жаяу жүруші - назар аудар!» тақырыбында бейнефильм көрсетілді » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жаяу жүруші - назар аудар!» тақырыбында бейнефильм көрсетілді
21
январь
2025

«Жаяу жүруші - назар аудар!» тақырыбында бейнефильм көрсетілді

Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында өткен «Абайлаңыз балалар» республикалық акциясы аясында «Жаяу жүруші - назар аудар!» тақырыбында бейнефильм көрсетілді. Іс-шараға «Жас Ұлан» ұйым мүшелері, мектебіміздің 5-6 сынып оқушылары қамтылды. Бұл шараның мақсаты балаларды жол қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру, жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін арттыру, жол апаттарының алдын алу бойынша ақпараттандыру болды. Іс-шара барысында мектеп инспекторы Г.Килибаева, ДТЖО Ж.Тұрсынов, ДҚТЖО А.Жумагулов мектеп оқушыларына жолда жүріп-тұру кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді. «Жаяу жүруші-назар аудар!» тақырыбында бейнефильм оқушылардың жол қауіпсіздігі туралы білімдерін нығайтуға бағытталған, сондай-ақ оларды әртүрлі жол жағдайларында сақ болуға шақыру болды. Бейнефильмде жол қозғалысы ережелері, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі және жолда абай болудың маңызы туралы нақты мысалдар келтірілді. Оқушылар бейнефильмді көріп, көше қозғалысының қауіптерінен сақтану және жолда өзін дұрыс ұстау туралы маңызды білімдер алды, білім алушылар жол қозғалысы ережелері бойынша өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, оған толық жауаптар берілді. 
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив