22
январь
2025
“ Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында ашық сабақ өткізілді.
Аудандық білім бөлімінің бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған “ Сапалы білім - тиімді жоспар, нәтижелі сабақ” жобасы аясында ашық сабақтарды ұйымдастыру хабарламасына орай Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының Джурабекова Джамиля жетекшілік ететін 2 “Б” сынып оқушыларымен дүниетану сабағынан 22-қаңтар күні “Біздің тағам” атты тақырыпта ашық сабағы өтті. Сабақ басында психологиялық ахуал жасалынып, сынып оқушылары термометр арқылы бағаланатыны түсіндіріліп, өткен сабақты “Сұрақтар кемесі” ойыны арқылы сұрап, жеке жұмыс жасалынды. Жаңа сабақ аудиосы тыңдалып, “Wordwall” платформасымен пысықталды. Зиянды тағамдар қауіпті жақтарын анықтауға арналған зерттеу жұмысы жасалынды. “Aсық жинау” әдісімен сабаққа кері байланыс жасалды.
https://www.instagram.com/reel/C7yqY0JMDqc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
https://www.instagram.com/reel/C7yqY0JMDqc/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==