Жұмысқа қабылдау туралы анықтама.
2024 жылдың 30 қыркүйек күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес математика пәнінің мұғалімі лауазымға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос математика пәнінің мұғалімі лауазымына Абаш Ерғалым Ерланұлы 16 қыркүек күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос математика пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Абаш Ерғалым Ерланұлы 11 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес бос математика пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиеваға ұсыныс берілді.