Жұмысқа қабылдау туралы анықтама.
2024 жылдың 29 қазан күні Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының» 3-тарау 1-параграфының 135 тармағына сәйкес биология пәнінің мұғалімі лауазымға конкурс өткізілді. Аталған бұйрықтың 154 тармағына сәйкес бос биология пәнінің мұғалімі лауазымына Мұрат Айымбек Қайратұлы 18 қазан күні құжат тапсырған болатын. Конкурстық комиссия төрайымы мен мүшелері үміткердің құжатын Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарап, осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес Бағалау парағында көрсетілген балдарды есептеуді жүзеге асырды, нәтижесінде бос бииология пәнінің мұғалімі лауазымына үміткер Мұрат Айымбек Қайратұлы 33 балл алғаны анықталды. Конкурстық комиссия отырысының шешіміне сәйкес бос биология пәнінің мұғалімі лауазымына тағайындауға мектеп директоры Г.Е.Тлеубердиеваға ұсыныс берілді.