11
февраль
2025
«Жылдам кітап оқу құпиясы» тақырыбында минутқа оқу жарысы өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында «Әулиеата кітап оқитын өңір» жобасы аясында өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес бастауыш әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жылдам кітап оқу құпиясы» тақырыбында 2-4 сынып оқушылары арасында минутқа оқу жарысы өтті. Жарыстың басты мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу дағдыларын дамыту және мәнерлеп, жылдам оқуға бейімдеу. Іс-шара барысында қатысушылар белгілі бір уақыт ішінде мәтінді дұрыс әрі шапшаң оқып шығуға тырысты. Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жеңімпаз атанып, марапатталды.
https://www.instagram.com/p/DF7uLhOMOD0/
https://www.instagram.com/p/DF7uLhOMOD0/
