18
март
2025
"Ұлттық киім" күні
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында “Наурызнама” іс-шаралар жоспарына сай 18-ші наурыз Ұлттық киім күні — қазақ халқының ұлттық киімдерін дәріптеу, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу мақсатында ұстаздары мен білім алушылар ұлттық киімді насихаттау іс- шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға дәстүрлі киімдердің маңыздылығын түсіндіру және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, дәстүрлі мәдениетті насихаттау.
Шара барысында мектеп оқушылары мен мұғалімдер ұлттық киімдерді киіп, олардың тарихы мен ерекшеліктері жайлы баяндама жасады. Сонымен қатар, ұлттық нақыштағы сәндік бұйымдар мен ою-өрнектердің маңызы туралы танымдық ақпарат берілді.
https://www.instagram.com/p/DHVcNRJsuoy/
https://www.instagram.com/p/DHV5nRmIPBw/