17
апрель
2025
«Түлектердің ағаш егу» экочеленджі өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп – гимназиясында 17 сәуір күні «TazaLike» FEST салтанатты іс-шараларын өткізу бойынша «Түлектердің ағаш егу» экочеленджі ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты аялауға деген жауапкершілікті арттыру, сондай-ақ мектеп түлектерінің туған білім ордасына деген құрметін білдіру. Экочелендж барысында мектеп ауласында түлектердің қатысуымен ағаш көшеттері отырғызылды. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар қауымы белсенді атсалысты.Бұл шара өскелең ұрпақтың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырып, «жасыл мектеп» бастамаларын қолдауға бағытталған маңызды қадам болды.