”Қариясы бардың – қазынасы бар” сынып сағаттар топтамасы өтті » СШГ №39 имени Темирбека Кожакеева
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
"Темірбек қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 4-55-13
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ”Қариясы бардың – қазынасы бар” сынып сағаттар топтамасы өтті
19
май
2025

”Қариясы бардың – қазынасы бар” сынып сағаттар топтамасы өтті

Мектебімізде Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында "Бірлік және ынтымақ" айлығы барысында  үлкенге құрмет – қоғамдағы бейбітшілік пен татулықтың кепілі екендігі түсіндіру мақсатында тәрбие сағаттары өткізілді.
Тәрбие сағаты оқушылар мен сынып жетекшісінің бірлескен ұйымдастыруымен өтті. Іс-шараның барысында сынып жетекшілер тарапынан білім алушыларға «Қарты бар үйдің-қазынасы бар» деген ұлағатты сөзге мән беріліп,  үлкендерді құрметтеуге, ізеттілік қарым-қатынас  ұлттық құндылығымыздың негізі екендігі түсіндірілді. Сонымен қатар, ата-әжелердің өмірлік тәжірибесі мен ақыл-кеңесінің қоғамдағы рөліне тоқталды. 
Білім алушылар:
•    «Үлкенге құрмет – кішіге ізет» тақырыбында өз ойларын ортаға салды;•    Қарияларға арнап, өлең шумақтары, мақал-мәтелдер оқылып, талқыланды;•    Қарттарға құрмет көрсетуге байланысты көрініс (инсценировка) қойып, амандасу, көмектесу, қоғамдық көлікте орын беру сияқты жағдаяттарды сахналады;•    Қарттарға қатысты нақты өмірден алынған мысалдар айтып, өз ата-әжелері туралы жылы естеліктермен бөлісті.Мұғалім оқушылардың жауабына кері байланыс беріп, бүгінгі жастардың бойында мейірімділік, адамгершілік, ізеттілік қасиеттерді қалыптастырудың маңызын атап өтті.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив