09
сентябрь
2025
«Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында жас суретшілер байқауы өтті
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 2-12 қыркүйек аралығында «Мектепке барар қауіпсіз жол» тақырыбында жас суретшілер байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, жол қозғалысы ережелерін меңгерту және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар өз қиялдары мен көркемдік шеберліктерін танытып, жолда жүру тәртібін сурет арқылы бейнеледі. Байқау жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығын арттырды.




