09
сентябрь
2025
«Жас жүргізуші» тақырыбында пікір-сайыс өтті.
Темірбек Қожакеев атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында 2025 жылдың 2-12 қыркүйек аралығында өткізілген «Назар аударыңыз – балалар» онкүндігі аясында «Жас жүргізуші» тақырыбында пікір-сайыс өтті. Мақсаты: оқушылардың жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, көлік қозғалысы кезіндегі қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Пікір-сайыс Қ.Нұрмағамбетовтың ұйымдастыруымен өтті. «Ұйқыр ой» клубының мүшелері белсене қатысып, екі топқа бөлініп жол қозғалысы ережелерін сақтау, жас жүргізушілердің қоғамдағы рөлі, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілердің өзара қарым-қатынасы тақырыптарында ой-пікір алмасты. Шара барысында оқушылар өз ойларын дәлелдермен жеткізіп, қарсы тараптың уәжіне жауап берді. Жиын соңында белсенді қатысушылар марапатталып, жол қауіпсіздігінің маңызы тағы да атап өтілді.
https://www.instagram.com/reel/DOYfU2mDEiL/?utm_source=ig_web_copy_link